AF

AR

BE

BG

BN

BS

CA

CS

DE

EL

EM

EN

EO

ES

ET

FA

FI

FR

HE

HR

HU

ID

IT

JA

KA

KK

KN

KO

LT

LV

MR

NL

NN

PA

PL

PT

PX

RO

RU

SK

SR

SQ

SV

UK

TR

VI

ZH

Көптеген түрлі тілдер не үшін қажет?

Бүгінгі таңда әлемде 6000 астам түрлі тіл бар. Сондықтан, бізге ауызша және жазбаша аудармашылар қажет. Осыдан ұзақ уақыт бұрын адамдар бір ғана тілде сөйлеген. Бірақ олар жиһан кезе бастаған кезде, бәрі өзгерді. Олар өз отандарын, Африканы тастап, бүкіл жер бетіне таралды. Өз отанынан алшақтау тілдің бөлінуіне әкеп соқтырды. Өйткені, әр халық өз қарым-қатынас түрін дамытты. Ортақ ата тілден көптеген түрлі тіл пайда болды. Бірақ адамдар ешқашан бір орында ұзақ уақыт тұрақтамады. Осылайша, адамдар бір-бірінен одан да алыстай берді. Сөйте келе, ортақ тамырды анықтау мүмкін емес болды. Сондай-ақ, ешбір ұлт ғасырлар бойы оқшау өмір сүрген емес. Басқа халықтармен әрдайым байланыста болған. Осылай, тілдер де өзгерді. Олар шет тілдерінен белгілі бір элементтерді алып, араласып отырды. Осылайша, тілдердің даму үдерісі ешқашан да тоқтамаған. Жиһангездік пен байланыстар тілдердің алуантүрлілігін түсіндіреді. Бірақ, тілдердің не себепті соншалықты әртүрлі екендігі - басқа мәселе. Кез-келген даму тарихы белгілі ережелерге бағынады. Тілдердің бүгінгі кейпі белгілі бір себептерге байланысты болу керек. Ғалымдар бұл себептерге ұзақ уақыттан бері қызығушылық танытуда. Олар тілдердің не себепті әртүрлі жолдармен дамығандарын білгілері келеді. Бұны зерттеу үшін, алдымен, тілдердің тарихымен танысу керек. Осы арқылы, не және қашан өзгергенін білуге болады. Тілдердің дамуына не әсер ететіні әлі белгісіз. Мәдени факторларға қарағанда биологиялық факторлар маңыздырақ сияқты. Яғни, тілді халықтың тарихы қалыптастырған. Сірә, тілдің бізге айтары – біз ойлағаннан әлдеқайда көп сияқты...

text before next text

© Copyright Goethe Verlag GmbH 2020. All rights reserved.