AR

BE

BG

BN

BS

CA

CS

DE

EL

EM

EN

EO

ES

ET

FA

FI

FR

HE

HR

HU

ID

IT

JA

KA

KK

KN

KO

LT

LV

MR

NL

NN

PA

PL

PT

PX

RO

RU

SK

SR

SV

UK

VI

ZH

Гендік мутациялар арқылы сөйлеуді үйретуге болады

Жер бетінде өмір сүретін барлық тіршілік иелерінің ішінде тек адам ғана сөйлей алады. Оның жануарлар мен өсімдіктерден айырмашылығы да осы. Әрине, жануарлар мен өсімдіктер де бір-бірімен сөйлеседі. Алайда, олардың тілі адамның тілі сияқты күрделі емес. Дегенмен, не себепті адам сөйлей алады? Сөйлеу қабілеті үшін белгілі бір физиологиялық ерекшеліктер қажет. Бұл ерекшеліктерді адамдардан ғана табуға болады. Бірақ, бұл адамдар оны өз беттерімен жетілдірді деген сөз емес. Эволюцияда ешнәрсе себепсіз орын алмайды. Бір күні, адам сөйлей бастады. Бұл нақты қашан болғанын ешкім білмейді. Бірақ адамды сөйлеуге итермелеген бір жайт болғандығы анық. Зерттеушілер бұған себеп генетикалық мутациялар деп санайды. Антропологтар әртүрлі тіршілік иелерінің генетикалық материалдарын салыстырды. Белгілі бір ген тілге әсер ететіндігі белгілі. Бұл гені зақымданған адамдарда тілмен байланысты проблемалар бар. Олар өз ойларын жақсы жеткізе алмайды және сөздерді дұрыс түсінбейді. Бұл ген адамдарда, маймылдарда және тышқандарда зерттелген. Адамдар мен шимпанзелерде бұл ген өте ұқсас келеді. Екі кішкентай ғана айырмашылық бар. Бірақ бұл айырмашылықтар мида айқын байқалады. Басқа гендермен бірге олар мидың белгілі бір белсенділігіне әсер етеді. Осының арқасында адам сөйлей алады, ал маймыл жоқ. Дегенмен, адам тілі жұмбағының жауабы әлі табылған жоқ. Сөйлей білу үшін жалғыз ғана гендік мутация жеткіліксіз. Зерттеушілер адам генінің нұсқасын тышқандарға импланттаған. Олар сөйлеуді үйрене алмады.. Бірақ олардың шиқылы басқаша шыға бастаған!

text before next text

© Copyright Goethe Verlag GmbH 2019 . All rights reserved.