AF

AR

BE

BG

BN

BS

CA

CS

DE

EL

EM

EN

EO

ES

ET

FA

FI

FR

HE

HR

HU

ID

IT

JA

KA

KK

KN

KO

LT

LV

MR

NL

NN

PA

PL

PT

PX

RO

RU

SK

SR

SQ

SV

UK

TR

VI

ZH

Ағылшын тілі - әлемдік тіл

Ағылшын тілі - әлемдегі ең кең таралған тіл. Бірақ мандарин тілі – әдеби қытай тілі, көп адамның ана тілі болып табылады. Ағылшын тілі "тек қана" 350 миллион адамның ана тілі болып табылады. Осыған қарамастан, ағылшын тілі басқа тілдерге өте қатты әсер етеді. ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оның ықпалы күшейе түседі. Бұл, ең алдымен, АҚШ ірі державаға айналуына байланысты. Көптеген елдерде ағылшын тілі мектептегі негізгі шет тілі болып табылады. Халықаралық ұйымдар ағылшын тілін ресми тіл ретінде қолданады. Сонымен қатар, ағылшын тілі көптеген елдердің ресми немесе іскерлік тілі болып табылады. Бірақ, жақында бұл функциялар басқа тілдерге де өтуі мүмкін. Ағылшын тілі батыс герман тілдеріне жатады. Осылайша, ол, мысалы, неміс тілімен тығыз туыстық байланыста болады. Бірақ соңғы 1000 жыл ішінде тіл көп өзгеріске ұшырады. Бұрын ағылшын тілі флективті тіл болған. Алайда, грамматикалық функциясы бар жалғаулардың көпшілігі қолданыстан шығып кетті. Сондықтан да, бүгінде ағылшын тілін оқшауланған тілдер қатарына жатқызуға болады. Тіл түрі, осылайша, неміс тілінен гөрі қытай тіліне көбірек ұқсап кетті. Болашақта ағылшын тілі одан да қарапайым бола түседі. Дұрыс емес етістіктер қолданыстан шығып кетуі мүмкін. Басқа үндіеуропалық тілдермен салыстырғанда ағылшын тілі – қарапайым тіл. Дегенмен, ағылшын орфографиясы өте күрделі. Өйткені, сөздердің жазылуы мен оқылуы бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Ағылшын тілінің орфографиясы жүздеген жылдар бойы өзгермеген. Бірақ сөздердің оқылуы айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Соның нәтижесінде, 1400 жыл бұрын қалай жазып, сөйлесе қазір де сол қалпы. Сондай-ақ, оқылуда ерекшеліктер көп. Жалғыз ough әріптер комбинациясының 6 түрлі оқылу үлгісі бар! Өзіңіз көріңіз! - thorough, thought, through, rough, bough, cough

text before next text

© Copyright Goethe Verlag GmbH 2020. All rights reserved.